Жаңалықтар

NIS ұстазы республикалық «Үздік педагог» байқауына қатысады

Оқушының Remotion жобасы халықаралық деңгейде танылды

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушыларының жетістіктері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында таныстырылды.


Мектептің география пәнінің мұғалімі Арай Нұрбаева NIS педагогтері арасында өткен «Жылдың үздік мұғалімі» байқауында жеңімпаз атанып, 8 қазанда Астанада өтетін «Үздік педагог» республикалық конкурсына қатысады.


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқулықтар мен әдістемелік құралдар авторы Мира Доненхожаева оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстарын атап өтті. Оның оқушылары республикалық олимпиадалар мен өнер байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүр.


Ал мектептің 12-сынып оқушысы Ерасыл Айдарбек Ыстамбұлда өткен «Empower Me» халықаралық байқауында II орын алған Remotion жобасын таныстырды. Инновациялық кешен инсульт алған пациенттерді үй жағдайында оңалтуға арналған тренажерлерден тұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button