Жаңалықтар

Шиеліде Ыбырай Жақаев музейінің экспозициясы жаңартылды

Музей қорында 11 140 жәдігер сақтаулы

Шиелі ауданында қазақтың даңқты күрішшісі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің экспозициясы жаңартылды. Шараға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Күлбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Құрманбек Бәкіртаев, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегерлері Абзал Ералиев пен Имамзада Шағыртаев, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері және музей қызметкерлері қатысты.

Шарада Ыбырай Жақаевтың өнегелі өмірі мен қазақ күріш шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі атап өтілді.

Музей 1982 жылы ресми түрде ашылған. 2019 жылдан бастап Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде жұмыс істейді. Бүгінде қорында 11 140 жәдігер бар. Олардың қатарында даңқты диқанның өмірі мен еңбек жолына қатысты деректер, фотосуреттер, құжаттар, этнографиялық және зергерлік бұйымдар, тарихи жәдігерлер сақталған.

Жаңартылған экспозиция тарихи мұраны сақтауға және Ыбырай Жақаевтың еңбек жолын жас ұрпаққа танытуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button