Жаңалықтар

Ауыл оқушылары олимпиадада бақ сынауда

135 мың оқушы алғашқы кезеңге тіркелді

7–9 қазан аралығында өтетін республикалық олимпиадаға 9–11 (12)-сыныптың 70 мыңнан астам оқушысы қатысуда.

Биыл алғашқы кезеңге 135 мың оқушы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 мыңға көп.

Олимпиада 13 пәнді қамтиды және төрт кезеңнен тұрады. Аудандық кезең жеңімпаздары 26–31 қазан аралығында өтетін облыстық кезеңге жолдама алады.

Мақсат – ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларды анықтап, қабілетін дамытуға мүмкіндік беру. Олимпиада басталғалы ауыл оқушыларының республикалық олимпиадалар мен байқауларға қатысу көрсеткіші 10 есеге артқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button