Жаңалықтар

Кенжалы Ерімбетовтің 70 жылдығы өтті

Ақынға құрмет көрсетілді

Бүгін Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде қарымды қаламгер, «Ардагер келбеті» газетінің бас редакторы, ақын Кенжалы Ерімбетовтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Дүркіреп өтті дүр жылдар» атты шығармашылық кеш өтті.


Салтанатты кешке облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ақынның замандастары, әріптестері мен туыстары қатысты.


Руслан Каюпов мерейтой иесіне аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың арнайы құттықтауын табыстап, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты.


Кеш барысында қонақтар мерейтой иесінің шығармашылық жолына тоқталып, жылы лебіздерін білдірді. Қаламгердің журналистика мен әдебиеттегі еңбегі, азаматтық болмысы мен шығармашылық ерекшелігі туралы естеліктер айтылды. Сонымен қатар ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button