Жаңалықтар
Облыс әкімі мәслихат депутаттарымен кездесті
VIII шақырылым депутаттарының еңбегі атап өтілді

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев облыстық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарымен кездесті. Жиында депутаттардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі атап өтілді.

VIII шақырылым депутаттары бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға, елді мекендерді газбен және ауызсумен қамтуға, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жол, білім беру, медицина және басқа да салалардағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысты.

Кездесу барысында өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.




