Жаңалықтар

Мұрат Ергешбаев «Қазақ газеттері» бас директорын қабылдады

Өңірлік және республикалық БАҚ байланысы талқыланды

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілесті қабылдады. Кездесуде өңірлік және республикалық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.


Аймақ басшысы ұлттық баспасөзді дамыту, қазақ тіліндегі сапалы ақпаратты көбейту және жас журналистерді қолдау маңызды екенін атап өтті.

Ержан Байтілес өңірдің жетістіктерін республикалық деңгейде танытуға және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button