Жаңалықтар
Жол бойындағы кешенде жергілікті өнімдер сатылады
Қызылорданың күріші мен «Кублей» өнімі жол бойында сатылады

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында «Алаш метан» ЖШС-нің қызмет көрсету кешені жұмысын бастады. Жобаға 650 млн теңге инвестиция салынған.
Кешенде «Қазақстанда жасалған» бұрышы ашылып, «Абзал и К» серіктестігінің күріші мен «Кублей» компаниясының консервіленген бұқтырылған еті сатылымға қойылды. Алдағы уақытта басқа да жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылмақ.

Бастама отандық өнімдерді қолдауға және өңір брендтерін танытуға бағытталған.



