Жаңалықтар
Сыр балуандары Азия кубогінде екі қола жеңіп алды
Қызылордалық дзюдошылар үздік үштікке енді

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия Кубогы бәсекесі мәреге жетті. Тартысты додада ел намысын қорғаған қызылордалық балуандар үздік үштікке еніп, пьедесталдан көрінді:
Абатова Шынар (78 кг салмақ дәрежесі) — III орын
Ғазизқызы Айдана (+78 кг салмақ дәрежесі) — III орын
Халықаралық аренада топ жарып, жүлделі орыннан көрінген спортшыларымызды және олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Сыр спортшыларының биік белестерді бағындыра беруіне сәттілік тілейміз!



