
Отбасы – әрбір баланың тәрбие алып, өмірге деген көзқарасы қалыптасатын алтын ұя. Ата-ананың балаға деген мейірімі, қолдауы мен сенімі оның дұрыс жол таңдауына үлкен ықпал етеді. Сондықтан балалармен есірткінің зияны және оның ауыр салдары туралы ашық сөйлесудің маңызы зор.
Біз, №192 орта мектептің Пернебаевтар отбасы ретінде, салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Балаларымызды білім алуға, еңбек етуге, спортпен айналысуға, шығармашылықпен шұғылдануға және бос уақытын тиімді пайдалануға баулимыз.
Есірткі – адам денсаулығына, болашағына және қоғамға үлкен қауіп төндіретін зиянды зат. Есірткіге тәуелділік адамның өміріне ғана емес, оның отбасына да кері әсерін тигізеді. Сондықтан жасөспірімдердің есірткіге әуестенуінің алдын алу – баршамызға ортақ міндет.
Бала тәрбиесіндегі ең маңызды құндылықтар – отбасындағы сыйластық, өзара сенім, мейірімділік пен жауапкершілік. Балаларымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың жарқын болашағы үшін бірге күресейік!
Біз, Пернебаевтар отбасы, есірткіге қарсымыз! Салауатты өмір салтын қолдаймыз! Есірткісіз өмір – жарқын болашақ!



