Жаңалықтар

Қызылордадағы құрылыс барысы тексерілді

Қызылордада жаңа ауруханалар мен спорт кешені салынуда

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет тапсырмасымен Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевпен бірге әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Қалада 300 төсектік көпбейінді аурухананың құрылысы 85 пайызға аяқталған. Ал 400 келушіге арналған №5 емхананың жұмысы 65 пайызға орындалған. Медициналық нысанды жыл соңында пайдалануға беру жоспарланған.


Сонымен қатар 200 төсектік перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде. Жобаны 2028 жылғы наурызда аяқтау көзделген.

«Қызылорда Арена» спорт кешеніндегі жұмыстың 90 пайызы орындалған. Кешен 2 552 көрерменге арналған. Мұнда олимпиадалық стандарттарға сай бассейн, футзал, баскетбол және волейбол алаңдары қарастырылған.

Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы таныстырылды. Жобаға 12,9 млрд теңге бөлінген. Көпір жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button