Жаңалықтар

«Қорқыт Ата» АЭА-да 6 жоба іске асады

Өңірге 581 млрд теңге инвестиция тартылды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың отырысы өтті. Жиында «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылатын жобалардың жай-күйі талқыланды.

Биылғы 9 айда облыс экономикасына 581 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға өсті. Жеке инвестиция үлесі 82 пайызды құрады.

Аймақ басшысы жобаларды уақытылы жүзеге асыру, инвесторларды қолдау және туындаған мәселелерді шешу бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді.

Жиында инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері де қаралып, жоба бастамашылары ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Үкімет қолдауымен құрылған «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағында инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ 2049 жылға дейін дайын жер учаскелерін тегін пайдалану мүмкіндігі бар.

Қазіргі таңда 200 гектар аумаққа инженерлік инфрақұрылым тарту басталды. Өңірге 6 инвестор өз жобаларын орналастыруды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button