Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс өтті

Қатысушылар шешендік шеберліктерін ортаға салды

Бүгін Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» қағидасына негізделген қалалық пікірсайыс турнирі өтті.


Зияткерлік сайысқа қалалық бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Турнирдің мақсаты – қызметшілердің сыни ойлау, дәлелді пікір айту, шешендік және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту.


Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, талдау және шешендік шеберліктерін көрсетті. Сайыс қорытындысында үздік командалар қала әкімінің арнайы дипломдарымен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button