Жаңалықтар

Қызылордада 168 пәтердің кілті табысталды

Сол жағалауда жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді

Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы жаңа баспана иелерін құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Фото: Ислам Қуандық

«Бүгін – Мемлекет басшысының қолдауымен баспаналы болып жатқан әрбір отбасы үшін айтулы күн. Меншікті үй – бұл тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі. Жаңа шаңырақтарыңыздың босағасы берік, іші береке мен мерекеге толсын! Әрбір отаудан бүлдіршіндердің күлкісі естіліп, татулық салтанат құра берсін! Қоныстарыңыз құтты, ел іргесі берік, болашағымыз баянды болсын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Фото: Ислам Қуандық


Қазіргі уақытта сол жағалауда 25 мыңнан астам тұрғын тұрады. Мұнда 136 көпқабатты үй, 20 әлеуметтік және 13 ірі бизнес нысаны орналасқан. Тағы 48 нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Фото: Ислам Қуандық

Кейінгі төрт жылда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 7 625 пәтер беріліп, 30 мыңнан астам адам баспаналы болды. Биыл жыл соңына дейін тағы 1 950 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button