Жаңалықтар

Сыр ұстаздары алты жыл бойы үздік үштікте

Республикалық спартакиадада Қызылорда құрамасы күміс алды

Қызылорда облысының ұстаздар құрамасы республикалық VI мұғалімдер спартакиадасында жалпыкомандалық есепте ІІ орынға ие болды.

Еліміздің барлық өңірінен үздік ұстаздар қатысқан жарыс биыл алтыншы рет ұйымдастырылды. Қатысушылар спорттың 7 түрінен: бес асық, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, баскетбол және асық атудан бақ сынады.

Жарыс барысында Сыр ұстаздары жоғары дайындықтарын көрсетіп, командалық рух пен спорттық шеберліктерін танытты.

Айта кетейік, Қызылорда облысының құрамасы алты жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан спартакиадада үздік үштіктен түскен емес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button