Жаңалықтар
Ұлттық банк 1 000 теңгелік коллекциялық монетаны таныстырды
Қазақстанда ниобий қосылған күміс монета шығады

Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Nb (ниобий)» коллекциялық монетасын таныстырды. Ол 12 қазаннан бастап интернет-дүкенде сатылады.
Монета 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы – 32,8 грамм, номиналы – 1 000 теңге. Ниобий қосылған монета 1 000 данамен шығарылады.
Ниобий металлургияда, электроникада, аэроғарыш және атом өнеркәсібінде қолданылады.



