Жаңалықтар
Бір аптада 133 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған
Елде респираторлық инфекциялардың таралуы жалғасуда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы аптада елімізде ЖРВИ-дің 133 052 жағдайы тіркелген. Эпидемиялық маусым басталғалы бері жалпы 1 453 967 жағдай анықталған.
Тұмауға қарсы 2 065 649 адам вакцина алды. Бұл жоспарланған қамтудың 93,9%-ын құрайды. Вакцина еліміздің барлық өңірінде қолжетімді.
1 қыркүйектен бастап зертханалық жолмен тұмаудың 297 жағдайы расталды. Оның 295-і – A(H1N1), екеуі – B типті тұмау. Өзге респираторлық вирустар арасында риновирус, бокавирус және аденовирус басым.
Инфекциялық науқастарға медициналық көмек көрсету үшін республика бойынша 13 335 төсек-орын дайындалған. Қазіргі уақытта олардың 63%-ы, ал балаларға арналған төсек-орындардың 69,4%-ы қамтылған.



