Жаңалықтар

Қызылордада мажар халқының ұлттық өнері таныстырылды

Сыр өңірінде «Матьо халық өнері» көрмесі ашылды

13 қазанда Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Матьо халық өнері – мажар мәдениетінің мұрасы» атты халықаралық көрме ашылды. Көрме Мажарстанның Алматыдағы Бас консулдығы мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бірлесуімен ұйымдастырылды.

Көрмеге Мажарстанның Мезёкёвешд қаласынан әкелінген ұлттық киімдер, кестелі бұйымдар, тұрмыстық заттар мен тарихи фотосуреттер қойылған. Экспозицияға Матьо музейінің жәдігерлері, жеке коллекционер доктор Маргит Бота мен халық қолөнері шебері доктор Шандорне Дулайдың туындылары енген.


Матьо халық өнері түрлі-түсті гүл өрнектерімен ерекшеленеді. 2012 жылы бұл өнер ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген.


Бұған дейін Қырғызстан мен Алматыда таныстырылған көрме Сыр өңірінде алғаш рет өтіп отыр. Оның ашылуы 1956 жылғы Мажарстан революциясының 70 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Көрмені Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінен 23 қазанға дейін тамашалауға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button