
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азияның мәдени мұрасын қорғау альянсы кеңесінің IV отырысында Қазақстанға бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді.
Қазақстан атынан қатысқан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов мамандар даярлау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект арқылы тарихи ескерткіштерді бақылау және Ұлы Жібек жолы бойында бірлескен зерттеулер жүргізу бағыттарын ұсынды.
Сапар барысында вице-министр Альянстың атқарушы бас хатшысы Се Бинмен кездесіп, алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстан делегациясы IV Лянчжу форумының ашылуына қатысты.




