Жаңалықтар
Қазақстанның 33 мектебінде қытай тілі оқытылады
Қазақстан мен Қытай білім саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытай елшісі Хань Чуньлиньмен кездесіп, цифрлық білім беру, жасанды интеллектіні енгізу және педагог даярлау мәселелерін талқылады.
Қазақстанның 20 колледжінің өкілдері Қытайдың Ухань қаласында жасанды интеллект бағдарламалары бойынша тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар еліміздің өңірлерінен 50 білім беру ұйымының басшысы мен педагог осы бағытта біліктілігін арттырды.
Кездесуде қытай тілін оқыту мәселесі де қаралды. Қазір Қазақстанның 33 мектебінде қытай тілі оқытылады, тіл үйрену үйірмелері де жұмыс істейді.
Тараптар тәжірибе алмасуды жалғастырып, педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және бірлескен білім беру жобаларын іске асыруға мүдделі екенін білдірді.



