
Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылында «Petro Retail» ЖШС-нің жаңа қонақ үй кешені пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны – 3,2 млрд теңге. Нәтижесінде 58 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кешен құрамында қонақ үй, «QazaqOil» жанармай құю бекеті, электрокуаттағыш, шағын маркет және кафетерий бар. Нысан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің бойында орналасқан.

Айта кетейік, «Petro Retail» компаниясы республика бойынша 60 қонақ үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта Қызылорда облысында екі жоба іске асырылған: бірі – Қызылорда қаласында, екіншісі – Арал ауданында.




