
Халықаралық қарттар күніне орай қала әкімдігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер Қызылордадағы бірқатар жаңа және құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады.

Қариялар алдымен «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысымен танысты. Мұнда 50 метрлік бассейн, футзал, баскетбол және волейбол залдары, конференция залы қарастырылған.

Сондай-ақ ардагерлер Президент саябағы маңындағы 9 қабатты 15 көппәтерлі үйдің құрылысын көрді. Жоба бойынша 945 пәтер пайдалануға беріледі. «Еңбек» саяжайы аумағында тағы 1 936 пәтерлі 22 тұрғын үй салынуда.

Сапар барысында қариялар Ботаникалық бақ пен Президент саябағын да аралады. Ботаникалық бақта сирек кездесетін өсімдіктер өсіріліп, заманауи микроклимат пен суару жүйелері орнатылған.

Сапар соңында ардагерлерге сый-құрмет көрсетіліп, олар қалада атқарылып жатқан жұмыстарға ақ батасын берді.



