
Қызылорда облысының Әділет департаменті 2026 жылдың тоғыз айында 4 165 азаматқа тегін заңгерлік көмек көрсетті. Оның ішінде 1 173 адам алимент, 334 азамат зейнетақы мәселелері бойынша кеңес алған.
Есепті кезеңде алимент берешегін өтеу үшін 264,7 млн теңге өндірілді. Төлем жасаудан жалтарған 151 борышкер әкімшілік, 20 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 104 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Жеке сот орындаушыларының жұмысына жүргізілген тексерулер нәтижесінде 39 маманға тәртіптік жаза қолданылып, екі сот орындаушысы лицензиясынан айырылды, біреуінің лицензиясы уақытша тоқтатылды.



