Жаңалықтар
Жібек Құламбаева Колумбияда чемпион атанды
Қазақстандық теннисші маусымдағы сегізінші титулын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияда өткен WTA 125 турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті.
Финалда олар чех-словениялық Лора Самсон мен Тамара Зиданшекті үш сетте ұтты – 5:7, 6:2, 14:12.
Бұл – Құламбаеваның маусымдағы сегізінші титулы және WTA 125 санатындағы екінші жеңісі. Нәтижесінде 16 қарашада әлемдік жұптық рейтингте 86-орынға көтеріледі.



