Жаңалықтар

Қазақстанға қажылық маусымына 4300 орын бөлінді

Қазақстан мен Сауд Арабиясы қажылықты ұйымдастыру жөнінде келісімге келді

Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиға қол қойған келісімде айтылған.

Құжатта қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық талаптарды сақтау, орналастыру, тасымалдау және қызмет көрсету сапасына қатысты міндеттер айқындалған.

Айта кетейік, 2027 жылғы қажылық сапарын ұйымдастыратын төрт туроператор анықталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button