Жаңалықтар
Қызылордалық балуан Қытай спортшысын жеңді
Айдос Сұлтанғали – әлем чемпионатының қола жүлдегері

Астанада өтіп жатқан күрес бойынша әлем чемпионатында 60 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз, грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали қола жүлдеге ие болды.
Ол Қытай балуаны Цао Лигуоны 5:1 есебімен жеңді. 2025 жылғы әлем чемпионы атанған спортшымыз бұл жолы да сенімді ақтап, ел намысын абыроймен қорғады. Құтты болсын, Сыр елі!



