Қызылорда құрамасы Қазақстан чемпионатында топ жарды
Алмас Өтешовтің шәкірттері ел чемпионатында үздік атанды

Қызылорда облысының ауыр атлетикадан аға жаттықтырушысы Алмас Өтешовтің шәкірттері былтырғы жетістігін биыл да қайталап, Қазақстан чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді.
37 келіде Марапат Рыскелді жұлқа көтеруде 47 кг, серпе көтеруде 61 кг нәтижесімен үш алтын медаль жеңіп алды. 45 келіде Алпамыс Сәрсенов те үш алтын медаль иеленді. 60 келіде Бекболат Нұрбол 194 кг нәтижемен бірінші орын алды.
65 келіде Әділет Дәулеткерейұлы – бірінші, Нұрислам Серікұлы – екінші орын иеленді. 70 келіде Дінмұхаммед Қойшыбек – бірінші, Ернар Жалал – екінші, Даулеткерей Әлмұрат – үшінші орын алды.
Басқа салмақтарда Жансерік Балтабекұлы жұлқа көтеруде 78 кг, серпе көтеруде 96 кг нәтижемен бірінші орынға ие болды. Бекзат Баянбай жұлқа көтеруде 64 кг, серпе көтеруде 87 кг нәтижемен екінші орын алса, Қалмұхаммед Қойшыбек жұлқа көтеруде 63 кг, серпе көтеруде 83 кг нәтижемен үшінші орын иеленді.
Айта кетейік, Алмас Өтешов аға жаттықтырушы қызметін атқарған кезеңде оның шәкірттері еліміздің біріншіліктерінде бес рет чемпион атанған. Ол – ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері және Азия чемпионы.
Бұл жетістік – Алмас Өтешовтің қажырлы еңбегі мен бапкерлік тәжірибесінің айқын көрінісі. Спортшыларға алдағы жарыстарда да толағай табыс тілейміз!