
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Қызылорда қаласын аяқсумен қамту, суару жүйесінің қазіргі жағдайы және алдағы жоспарлар талқыланды.

Қазір қала аумағына аяқсу 15 нүктедегі 22 насос қондырғысы арқылы беріледі. Оның 4-еуі биыл орнатылған. Арық жүйелерінің жалпы ұзындығы 98,8 шақырымды құрап, 68 көшені қамтиды.
Облыс әкімі су ресурстарына толық талдау жүргізіп, келесі жылға қажетті су көлемін нақтылауды тапсырды. Сонымен қатар әуежай маңы мен Белкөлге кіреберістегі жасыл белдеулерді тұрақты сумен қамтып, тал отырғызу қажеттігін айтты.
Арық жүйелерін түгендеп, су жетпейтін учаскелер бойынша нақты жобалық және қаржылық ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
Алдағы уақытта №217 мектеп ауласындағы су ұңғымасы жөнделіп, Қорқыт ата көшесінің бір бөлігіне аяқсу жеткізіледі. М.Шоқай, Қожа Ахмет Ясауи және Д.Қонаев көшелерінің бойына көшет отырғызу жоспарланған.


