Жаңалықтар

Қазақстанда «Керемет жібек» көрмесі өтті

Көрмеде қытай жібегінің ерекше үлгілері таныстырылды

Қазақстанда Қытайдың үш музейі – Жібек музейі, Хучжоу музейі және Турфан музейі бірлесіп ұйымдастырған «Керемет жібек» көрмесі өтті. Экспозицияда қытай жібек өнерінің бай мәдени мұрасы мен заманауи сән үлгілері таныстырылды.

Көрмеде дәстүрлі қызыл түсті қытайлық қалыңдық көйлегі, Бейжің операсының кейіпкері бейнеленген киімдер, жібекпен безендірілген алтын әшекейлер мен аяқ киімдер қойылды.

Жалпы, келушілер қытайлық дизайнерлердің жүзге жуық туындысын тамашалады. Көрме көпшіліктің қызығушылығын тудырған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button