Жаңалықтар

NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды

45 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен NEET санатындағы жастарды қолдау мәселелері талқыланды.

Өңірде 249 401 жас бар. Бұл халықтың 29,4 пайызын құрайды. Жиында жастарды жұмыспен қамту, кәсіпке оқыту және әлеуметтік қолдау шаралары қаралды.

Облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне NEET санатындағы жастарды анықтап, олардың әлеуметтік жағдайын зерделеуді тапсырды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Қаюповтың мәліметінше, биылғы 9 айда жастарға арналған 1 537 шара өткізіліп, 45 мыңға жуық адам қамтылған. Сонымен қатар «Мүмкіндіктер алаңы» аясында 57 шара ұйымдастырылып, 2 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button