Жаңалықтар

WhatsApp аккаунты үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Полиция азаматтарды «активатор» схемасынан сақтандырды

Полиция WhatsApp және басқа мессенджерлерде өз нөміріне аккаунт ашып, оны ақшаға бөгде адамға берудің қауіпті екенін ескертті.

ІІМ мәліметінше, алаяқтар мұндай аккаунттарды азаматтарға қоңырау шалу және заңсыз әрекеттер жасау үшін пайдаланады. Аккаунт ашып беретін адамдар «активаторлар» деп аталады.

Ведомство мұндай іске кәмелетке толмағандардың да тартылатынын хабарлады. Олар сыйақы үшін SIM-карталарды белсендіріп, аккаунттарды бөгде адамдарға береді.

Полицияның ескертуінше, мұндай әрекетке саналы түрде қатысу қылмысқа көмектесу ретінде саралануы мүмкін.

Тәртіп сақшылары азаматтарды аккаунттарына үшінші тұлғалардың қол жеткізуіне жол бермеуге және оңай табыс табуға уәде беретін күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button