Жаңалықтар

Қызылордада бюджет кірісі артты

Салықтық қызметтер цифрландырылуда

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. Оның негізгі бағыттарының бірі – салықтық әкімшілендіруді жеңілдетіп, «жазалау» моделінен «сервистік» модельге көшу.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Елеманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл мемлекеттік бюджет жоспары 105 пайызға орындалып, жоспарланған 174,2 млрд теңгенің орнына 182,8 млрд теңге түскен. Әкімшілендіру нәтижесінде бюджетке қосымша 10,6 млрд теңге өндірілген.

2026 жылдың сегіз айында департамент 268,5 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 99,9 пайызы электронды түрде жүзеге асырылған. Осы кезеңде №1414 байланыс орталығына 22,7 мыңнан астам өтініш түсіп, азаматтарға түсіндірме берілді.

Жаңа кодекспен арнаулы салық режимдері де оңтайландырылып, бұрынғы жеті режимнің орнына үш негізгі режим енгізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button