Жаңалықтар

Сыр елі еңбек ерінің есімін ұлықтады

Алдаберген Бисеновке – 100 жыл

Қызылордада Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, ауыл шаруашылығы саласының көрнекті қайраткері Алдаберген Бисеновтің туғанына 100 жыл толуына орай облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті.

«Құзыреттілік орталығында» ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, ҚР Құрылтайының депутаты Шахмардан Байманов, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, еңбек ардагерлері, қайраткердің ұрпақтары мен туыстары қатысты.

Конференцияның ашылуында Мейрамбек Шермағанбет ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың мерейтойға арналған құттықтау хаттарын оқып, қатысушыларға табыстады. Сондай-ақ ол қайраткердің ел дамуына қосқан үлесі мен еңбек жолының кейінгі ұрпақ үшін маңызын атап өтті.

Жиында ҚР Құрылтайының депутаты Шахмардан Байманов, Халық кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев, профессор Ұлықпан Сыдықов, еңбек ардагерлері, ғалымдар мен қайраткердің қызы Гүлсім Бисенова баяндама жасады.

Бұдан бөлек, қатысушыларға Алдаберген Бисеновтің өмірі мен еңбек жолына қатысты тарихи деректер мен естеліктер ұсынылды. Конференцияда оның ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлесі, өнегелі жолын зерттеу және кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері сөз болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button