
26 қыркүйектен бастап көлік құралдарының электрондық паспортын рәсімдеу тәртібі өзгерді. Енді азаматтар 5 жылдан асқан көлікті шетелден әкеле алмайды.
Жеке тұлға жылына бір ғана көлік әкеле алады. Сонымен қатар, салмағы 3,5 тоннаға дейінгі тіркеме немесе автоүйді қосымша әкелуге рұқсат.
Жеке пайдалану үшін көлік рәсімдегенде кедендік төлем көлік құнының 48%-ы немесе қозғалтқыштың әр текше сантиметріне 1,5 еуро мөлшерінде есептеледі.
Заңды тұлғалар үшін автокөлік типін мақұлдау құжаты қажет, ал кедендік баж мөлшерлемесі 15% болады.

