
«Қазгидромет» синоптиктері 6 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады.
Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай болжанады. Желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарында да жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланды. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысының таулы аудандарында, сондай-ақ Іле Алатауында түнде және таңертең тұман күтіледі. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман болжанған. Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында түнде 1 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысының батысында жаңбыр, найзағай және тұман болжанса, Солтүстік Қазақстан облысында тұман мен қатты жел күтіледі. Облыстардың бірқатарында өрт қаупі сақталады.



