Жаңалықтар

Кімдер ЖСН-ін өзгерте алады?

Жеке деректері тараған азаматтар ЖСН-ін өзгерте алады

Қазақстанда жеке деректері интернетке тарап кеткен азаматтар оларды, соның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгертуге құқылы. Бұл туралы Құрылтайдағы брифингте ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, кибершабуыл салдарынан жеке мәліметтері жария болған азаматтар оларды өзгерту үшін уәкілетті органға жүгіне алады. Бұл мүмкіндік ЖСН-ге және басқа да дербес деректерге қатысты.

«Әр азамат осындай шабуылдардың салдарынан зардап шегіп, оның деректері жарияланған болса, уәкілетті органға жүгініп, деректерін өзгертуге құқылы. Бұл ЖСН-ге және басқа да дербес деректерге қатысты», – деді Жандос Сүйінбай.

Басқа жаңалықтар

Back to top button