Жаңалықтар

Қызылордада «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жаңартылды

Мешітті жөндеуге 867 млн теңге жұмсалды

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.


«Ақмешіт-Сырдария» мешіті – өңірдегі маңызды рухани әрі қоғамдық нысандардың бірі. Мешіт 2 мың адамға арналған, жалпы аумағы 3 158 шаршы метр.


Жөндеу барысында мешіттің қасбеті ақ мәрмәр және қою түсті гранитпен жаңартылды. Ішкі бөлмелер мен инженерлік жүйелер ретке келтіріліп, кіреберіс есіктер мен терезелер ауыстырылды. Намаз залдарына желдету және ауаны баптау жүйелері орнатылды.

Мешітке күн сайын шамамен 1 мың адам келеді. Жөндеу жұмыстарына 867 млн теңге жұмсалды. Жұмыстар алты ай бойы мешіттің қалыпты жұмысын тоқтатпай жүргізілді.


«Ақмешіт-Сырдария» мешіті 2008 жылы Болат Өтемұратовтың қолдауымен салынған. Бүгінде мешіт Қызылорданың рухани және мәдени-ағартушылық өмірінде маңызды орын алады.

Айта кетейік, Болат Өтемұратов Қоры 2014 жылдан бері Қазақстанның түрлі өңірлерінде білім беру, денсаулық сақтау, инклюзия, мәдениет, экология және әлеуметтік қолдау бағыттарында жобаларды жүзеге асырып келеді. Қордың әлеуметтік жобаларға бағыттаған қаражаты 250 млн доллардан асты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button