Жаңалықтар

7 жылда Қазақстанда 312 жаңа мәдениет нысаны салынды

Мәдени нысандар қайта жаңғыртылуда

Кейінгі 7 жылда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мәдениет саласын дамыту, ұлттық мұраны сақтау, отандық өнерді қолдау және мәдени инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, осы кезеңде елімізде театр, музей, кітапхана және мәдениет үйлерін қоса алғанда, 312 жаңа мәдениет нысаны салынды.

Сонымен қатар қолданыстағы нысандар жаңғыртылып, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Өңірлерде мәдени қызмет көрсету аясын кеңейтуге де басымдық берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button