
Қазақстанда 21 мыңнан астам жүргізушінің көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімі анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Осы шектеулерге байланысты полиция 13 мыңнан астам істі сотқа жолдаған. Заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде 7 400 жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды.
Енді аталған азаматтарға көлік басқаруға тыйым салынады. Атап айтқанда, эпилепсиямен ауыратын, екі көзі дұрыс көрмейтін, психикалық ауруы бар және есірткі заттарын қолданатын адамдар көлік жүргізе алмайды.
Көлік басқаруға кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілімдер тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітілген.



