Жаңалықтар

Қазақстан мәдени мұраны қорғауға атсалысады

Қазақстан Азия альянсында бақылаушы атанды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азияның мәдени мұрасын қорғау альянсы кеңесінің IV отырысында Қазақстанға бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді.

Қазақстан атынан қатысқан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов мамандар даярлау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект арқылы тарихи ескерткіштерді бақылау және Ұлы Жібек жолы бойында бірлескен зерттеулер жүргізу бағыттарын ұсынды.

Сапар барысында вице-министр Альянстың атқарушы бас хатшысы Се Бинмен кездесіп, алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстан делегациясы IV Лянчжу форумының ашылуына қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button