Жаңалықтар

Тіл мен этнос мәселесі неге ушығып барады?

Қызылордада этносаралық жанжалдардың алдын алу жолдары талқыланды

Қызылорда қаласында этносаралық және тілдік белгілер бойынша кемсітушіліктің алдын алуға бағытталған әлеуметтік жоба аясында кешенді іс-шаралар өтуде.

Жиынға этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және студент жастар қатысуда. Кездесулерде этносаралық қарым-қатынас мәдениеті, өзара құрмет, ұрпақтар сабақтастығы, тәрбие, медиасауаттылық және цифрлық ортадағы жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Жоба аясындағы алғашқы шара Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кәсіби ортадағы мәдениетаралық коммуникация» тақырыбында өтті. Кездесуді Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ директоры Бақытжан Камалов жүргізді.

Жиында сарапшылар мен қоғам өкілдері баяндама жасап, қатысушылар өзара пікір алмасты. Атап айтқанда, Наталья Калашникова, Әсем Қайдарова, Әлішер Сатвалдиев, Айгүл Мұсабаева және Галина Щербакова сөз сөйледі.

Іс-шара соңында социология саласының сарапшысы Айгүл Ешмағамбетова қатысушылар арасында әлеуметтанулық сауалнама жүргізді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button