Жаңалықтар
Қазақстандықтар цифрлық құжаттарды 600 млн рет қолданған
eGov Mobile-ді 13,2 млн адам пайдаланады

Қазақстанда eGov Mobile қосымшасын 13,2 миллионнан астам адам пайдаланады. Платформада 1 100-ден астам мемлекеттік қызмет пен цифрлық сервис бар.
Мобильді электрондық үкімет 2012 жылы mGov атауымен іске қосылып, 2019 жылы eGov Mobile болып жаңартылды. 2020 жылы биометриялық сәйкестендіру мүмкіндігі енгізілді.
Қосымшадағы цифрлық құжаттарға 600 миллионнан астам рет қол жеткізілген. Ал QR-код арқылы құжаттарға қол қою мүмкіндігі шамамен 80 миллион рет пайдаланылған.



