Жаңалықтар

Қызылордада 288 терезе бұғаттағышы орнатылды

Балалар қауіпсіздігіне басымдық берілуде

Сыр өңірінде балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ТЖД Төтенше жағдайдың алдын алу басқармасының бастығы Асхат Оразбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұрғын үйлердің терезелеріне 288 арнайы бұғаттағыш құрылғы орнатылған. Сонымен қатар ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Мамандар балаларды ашық терезе жанында жалғыз қалдырмауға, терезе алдына жиһаз қоймауға және москит торларына сенбеуге шақырады. Балалардың қауіпсіздігі – әр ата-ананың жауапкершілігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button