
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ауылдарды интернетпен қамту жұмыстары туралы мәлімдеді.
Биыл жоспарланған 1,6 мың ауылдың 370-і байланысқа қосылды. Тартылған байланыс желілерінің жалпы ұзындығы 11 819 шақырымға жетті.
2027 жылы облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды байланыспен қамту жоспарланған. Бұл үшін 500-ден астам антенна-мачталық құрылым орнатылады.



