Жаңалықтар
Эрик Қасқабаев «Алтын доп» иегері атанды
Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарының финалында

Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарының жартылай финалында Иракты 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. 0:2 есебімен ұтылып жатқан отандық спортшылар кездесудің шешуші кезеңдерінде басымдық танытып, жеңіске жетті.
Партиялар есебі: 25:27, 21:25, 25:13, 25:15, 15:8. Жерлесіміз Эрик Қасқабаев турнирдің «Алтын доп» иегері атанды.
Бұған дейін топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Тайландты 3:0 есебімен жеңіп, Иранға 0:3 есебімен есе жіберген еді. Енді ұлттық құрама алтын медаль үшін бақ сынайды.



