Жаңалықтар

Облыста салық базасын кеңейту шаралары қаралды

Қала мен аудандарға бюджет кірісін арттыру міндеті жүктелді

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджет қаражатын игеру және салық базасын ұлғайту мәселелері талқыланды.

Аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне кіріс көздерін көбейтіп, салық түсімдері бойынша қалыптасқан олқылықтарды жоюды тапсырды. Сондай-ақ өткен жылдардағы салық берешектерін өндіріп алу және жаңа берешектің өсуіне жол бермеу міндеттелді.

Бұдан бөлек, рұқсатсыз қызметтерді анықтау, қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төлемдерді толық өндіріп алу, еңбекақы қорын заңдастыру және жасырын табыстарды анықтау тапсырылды. Банк аударымдары мен қолма-қол ақша айналымын талдау арқылы салық базасын кеңейтуге басымдық берілмек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button