
Қызылордадағы Президент саябағында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен коммуналдық мекемелерге 37 арнайы техника табысталды.

Оның 32-сі «Қызылорда тазалығы» мекемесіне берілді. Оның ішінде 15 қоқыс таситын көлік, 5 аралас қызмет техникасы және 12 көше тазалайтын техника бар.

«Қызылорда су жүйесінің» автопаркі вакуумдық ассенизаторлармен және жылжымалы жөндеу техникаларымен толықты.
Жаңа көліктер коммуналдық қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, соңғы төрт жылда коммуналдық қызметтерге облыстық бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлініп, 82 арнайы техника алынған.



