Жаңалықтар
ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ 9,3 МЛН ТОННА АСТЫҚ ТАСЫМАЛДАНДЫ
АУҒАНСТАНҒА АСТЫҚ ЖӨНЕЛТУ 4,4 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Биыл елімізде 8 айда теміржол арқылы 9,3 млн тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Оның ішінде экспорт көлемі 7,2 млн тонна, импорт 2,1 млн тоннаны құрады.
Негізгі бағыттар бойынша Орталық Азия елдеріне тасымал 37%-ға, Қытайға 34%-ға, Ресей порттары арқылы 9%-ға өскен. Ал Ауғанстанға астық тасымалы 4,4 есе артып, 655 мың тоннаға жетті.
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың айтуынша, жаңа астықты тасымалдауға қажетті вагондар мен локомотивтер дайын. Қазір елде 16,9 мың астық вагоны, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Министрлік қазіргі парк астықты толық көлемде тасымалдауға жеткілікті екенін атап өтті.



