Жалағаш тұрғындарының өтініштері тыңдалды
Ауданда газдандыру және электр желілерін жаңарту мәселесі қаралды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Жалағаш ауданы тұрғындарымен кездесуі және азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
Кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол жөндеу, жұмысқа орналасу, елді мекендерді газдандыру және электр желілерін жаңарту мәселелері көтерілді. Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, өтініштерді заң аясында қарауды және олардың орындалуын бақылауды тапсырды.
Атап айтқанда, М. Шәменов атындағы елді мекен тұрғыны электр бағаналарын ауыстыру және жөндеу мәселесін көтерді. Бұл жұмысқа биыл аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Tech Service KZ» ЖШС мердігер болып анықталған.
Сонымен қатар Қаракеткен мен Далдабай ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Жобалық-сметалық құжаттама демеушілік есебінен әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жобаның құны – 1 млрд 178,3 млн теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып «Сырэнергогазстрой» ЖШС танылған.



