Жаңалықтар

Ауыл мектептеріне жасанды интеллект енгізіледі

2028 жылға дейін 2,6 мың шағын жинақты мектеп қамтылады

Қазір жоба Павлодар және Қызылорда облыстарындағы 10 мектепте пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Оған 4-сыныптағы 50-ден астам оқушы қатысып, математика, цифрлық сауаттылық, қазақ және орыс тілдерін оқып жатыр.

Жоба кезең-кезеңімен кеңейтіледі: 2027 жылғы қаңтарда мектеп саны 50-ге, сәуірде 440-қа жеткізіледі. Ал 2028 жылғы шілдеге қарай 2,6 мыңға жуық шағын жинақты мектепті қамту жоспарланған.

Оқу гибридті форматта өтеді. Пән мұғалімдері онлайн сабақ өткізсе, ауылдағы жергілікті педагогтер оқушыларға оқу барысында көмектеседі. ЖИ балалардың біліміндегі олқылықтарды анықтап, қосымша қолдауды қажет ететін оқушыларды айқындауға көмектеседі.

Жоба ауыл мен қала оқушылары арасындағы білім сапасы алшақтығын азайтып, заманауи білім ресурстарына қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button