Жаңалықтар
TikTok-та балағат сөз айтқан екі қыз жазаланды
Қызылордалық тұрғындар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылордада полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде TikTok-тағы тікелей эфирден балағат сөздер айтқан екі тұрғынды анықтады.
Олар – Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғындары Алтын Сапи мен Айзада Сайлаубай. Тікелей эфир қаладағы кафелердің бірінде түсірілген.
Құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әрқайсысына айыппұл салынды.
Полиция әлеуметтік желідегі әрекеттер де қоғамдық тәртіпті бұзған жағдайда жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Мониторинг жұмыстары жалғасуда.



